©
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев қамауға алынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 05.11.2018 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3 бөлігімен (пара алу) күдікті деп танылған Аманғалиев Серік Қалешұлына «күзетпен ұстау» түрінде екі айға қамауға алынды.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, С.Қ. Аманғалиевқа мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқару қызметіне қарсы аса ауыр көлемде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айып тағылған. Айта кетсек, ол 3.11.2018 жылы сағат 18.40 шамасында Ақтау қаласындағы халықаралық әуежайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері С.Қ.Аманғалиевті 115 000 еуро көлемінде ақшалай қаражатпен ұстаған.
Аталған мәлімет бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі алдын ала тергеу ісі басталды.