©
Облыс әкімдігінде Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ауыл шаруашылығының дамуы жөнінде отырыс өтті. Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл сала бойынша нәтижелерді баян етті. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда қала және аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, облыста мал шаруашылығымен айналысатын шамамен 1000 (2017 жылы – 920 шаруа қожалық) шаруа қожалығы бар.
Басқарма басшысының айтуынша, оның ішінде: асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша 30 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі тіркелген.
3 қой шаруашылығы (қой -10 481 бас), 17 жылқы шаруашылығы (жылқы 3091 бас),– 8 түйе шаруашылығы (түйе -1709 бас) және – 2 сиыр шаруашылығы (сиыр-312 бас) тіркелген. Жалпы алғанда облыс көлемінде асыл тұқымды мал басының саны 15 593 бас болып отыр.
Сондай-ақ, қазіргі таңда облыс бойынша шөп шабу жұмыстарымен айналысатын 30 бригада бар.
Статистикалық мәліметке сәйкес, осы жылдың 6 айында - ірі қара мал саны – 23 410 бас болып 19,1% ға (01.07.2017 - 19 656 бас), қой-ешкі – 532 708 бас болып 3,7% ға (2017 жылы - 513 026 бас), жылқы – 92 954 бас болып 11,5% ға (2017 жылы - 83 348 бас), түйе – 69 966 бас болып 11,8% ға (2017 жылы – 62 597 бас), барлық мал саны – 719 038 басты құрап, 5,6%-ға (2017 жылы – 678 627 бас) артқан.
Фото: Талант ҚҰСАЙЫН, Серік МАЙЕМЕРОВ