Осыдан екі жыл бұрын, 2016 жылғы 15-шілде күні Түркия Республикасында болған лаңкестік оқиға жұртшылықтың жадынан шыға қоймаған болар. Осы қанды оқиғаның екі жылдығына орай Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Корхан Кюнгерю журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.
- Сол күні ФЕТО фетхуллахшы лаңкестік ұйымының мүшелері болып табылатын әскерлерден құралған топтың бастауымен, сатқындық төңкеріс әрекетін бастан кешірген болатын, - деді ол. - Төңкеріс әрекетіне қатынасқандардың көздегені, ата заңымыздың үстемдігін және барлық демократиялық құрылымдарымызды басып алу болатын. 15 шілде әрекеті, әскери төңкеріс қана емес, ол сатқындық және зорлық-зомбылық әрекетін көрсеткен болатын. Бұл әрекет Түркия Республикасының тарихында ең қантөгісті лаңкестік әрекет болып табылады. Өзіне «әлемнің имамы» атын берген Фетхуллах Гүленнің қарулы күштері мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға еніп алған оқушылары тарапынан жасалған төңкеріс әрекетінде олар Президент кешенін, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісін, Ұлттық Барлау Қызметінің штабы орналасқан жерлерін, арнайы операциялар орталығын және басқа да мемлекеттік мекемелерді бомбалаған болатын. Төңкерісшілер құрметті президентімізге де қастандық жасауға әрекеттенген, төңкеріс әрекетіне қатыспаған жазықсыз әскери қызметкерлерді өлтірген және елдің демократиясын қорғауға көшеге шыққан азаматтарымызға қарсы өлім оқтарын жаудырды.
Төңкеріс әрекеті кезінде әлемге үлгі болатындай тұрақтылық пен қаһармандық қасиетімен қарсы шыға білген халқымыздың құрметті Президентіміз бен Үкіметіміз әлеуетті құрылымдарымыз Түркияның қарулы күштерінің көпшілігі отанына, ата заң құрылымына бағынышты екендігін көрсете отырып, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ынтымағы, ұлттық біргілі мен рухани бірлесуімен әрекет етіп, төңкерісті сәтсіздікке ұшыратты. Түркия халқы көшелерге шығып, төңкерісшілерге қарсы тарихи ынтымақтастық көрсетті. Олар ұшақтан атылған бомбалардың, тікұшақтар мен танкілерден атылған оқтардың нысандары болды. Бұл сатқындық төңкеріс әрекеті нәтижесінде, өкінішке орай, 250 азаматымыз және әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері қаза тауып, 2 мыңнан астам азаматтарымыз жараланды. Бүгінде елімізде болып өткен сатқындық төңкеріс әрекетінің өткеніне екі жыл толып отырған бұл күн Түркия демократиясы мен мемлекеті үшін өте ауыр сынақ болған еді. Бұл сынақтан сүрінбей өткен ерлігімізді мақтан етеміз. Сатқындық төңкеріс әрекетінде демократия мен ұлттық егемендікті сақтап қалу жолында шейіт болған барлық азаматтарымызға басымызды ие отырып, құрметпен еске аламыз. Төңкеріс әрекетіне қарсы шығып, жандарын пида етіп, төтеп берген әскерлеріміз бен барлық әлеуетті құрылымдарымызға алғысымызды айтып, шейіт болғандарға Алладан жатқан жерлері жәйлі болуын тілейміз.
Түркия Республикасының Үкіметі, сатқындық төңкеріс әрекетін жоспарлап, дайындаған ФЕТО лаңкестік ұйымының қорқынышын жою жолындағы заңды қадамдарын жүргізіп жатыр. Өткен екі жыл ішінде бұл ФЕТО ұйымының мүшелеріне, барлау жұмыстарына және жасаған қылмастарына жүргізілген тергеудің нәтижесінде белгілі қорытындыларға қол жеткен болатын. Бұл ұйым айырықша, елдің ішінде және шетелдерде желілер құрып, хабар алмасуда крипто-хабарламаларды пайдаланып келген. Біз, ФЕТО лаңкестік ұйымымен заңның үстемдік құруы, мораль мен демократия сияқты үш қағидаға сүйене отырып, күресуді әрі қарай жалғастыра беретін боламыз. Әлемдік деңгейде билік пен үстемдік құруды ынталаған және әлемнің көптеген елдерінде құрылымдары бар ФЕТО лаңкестік ұйымының шынайы бет бейнесін түсіндіру жөніндеге Түркия Республикасының шетелдегі мекемелеріміздің хабарландыру науқандарының нәтижелерін беріп бастағанын айтып өткім келеді. Әлем жұртшылығына ФЕТО лаңкестік ұйымының қаупін, бұл ұйымның шет мемлекеттерге де төндірген қаупін айтып, жеткізу, құзіретті мекемелерінің қажетті заңды және әкімшілік шаралардың алынуына септігін тигізп отыр. Шетелдік әріптестеріміз, ФЕТО лаңкестік ұйымының қаупін түсініп, ФЕТО ұйымына қарсы ынтымақтастығымызды тереңдету үстінде. Түркияның ФЕТО-мен күресіндегі Қазақстанның қолдауын терең бағалаймыз. Түрік халқы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмытылыс орын алғаннан кейін ең бірінші болып сапармен келіп, қолдау көрсеткен еді. Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы қадам арқылы түрік халқының зор құрметіне ие болды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Вьетнам әуе толқынында қазақ әуендері қалықтайдыБасқосу соңында журналистерге Anadolu ақпарат агенттігі ешқандай танкілер мен қарудың, халықтың батылдығы мен жігеріне төтеп бере алмағанын түсірген айғақтар экраннан көрсетілді. Сондай-ақ Бас консул журналистер сауалдарына жауап берді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА