©
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Ахмет Салманов бастаған «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының денсаулық бағыты бойынша құрылған сараптамалық комиссия мүшелері облыстық аурухана мен перзентханаға барды.
"Нұр Отан" партиясы сайлауалды бағдарламасының денсаулық бағыты бойынша сараптамалық комиссия мүшелері денсаулық саласына қарасты мекемелердің халыққа қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізді.
Мониторингке сараптамалық комиссия басшысы, облыс әкімінің кеңесшісі және «Нұр Отан» фракциясындағы облыстық мәслихат депутаты Ахмет Салманов, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мұхамбек Жайлыбаев, облыстық филиалдың ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Светлана Джулдасова және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Мониторинг жүргізілген мекемелердің бірі Ақтау қаласы 26 шағынауданда орналасқан Маңғыстау облыстық перзентханада өңір тұрғындарынан ешқандай шағым жоқтығы анықталды. Алайда перзентханада заманауи техникалық аппараттардың жетіспеуі салдарынан кедергілер болып тұратындығы айтылды.
– Орталыққа күніне 40-50 әйел келіп босанады. Аймақта бала санының өсімі басқа облыстармен салыстырғанда өте жоғары. Мәселен, күніне қырықтан аса әйел келіп түссе, босанып алған қырығы шығарылады. Біздің орталықта әзірше екі-үш қана УДЗ аппараты бар, олардың қолданысқа енгеніне алты жылдан асты. Өткен жылы 200 ақауы бар бала дүниеге келсе, биылдың өзінде соңғы алты айда 163 баланың ақауы болған. Осындай келеңсіз жағдайларды анықтап, алдын алу үшін облысқа волюсон Е-10 УДЗ аппаратынан 16 дана қажет, – деді перзентхананың бас дәрігері Жамал Жаманбаева.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «MEN QAZAQPYN-ға» Маңғыстаудан қатысатындар белгілі болдыБас дәрігер УДЗ аппараттарының жетіспеушілігімен қатар, кейбір дәрігер мамандардың да орталыққа қажеттігін атап өтті. Мониторинг жүргізген облыстық мәслихат депутаты Ахмет Салманов бас дәрігердің мұқтажын облыс әкімі орынбасары Руслан Сакеевке жеткізген.
Облыс әкімі орынбасары Руслан Сакеев жыл соңына дейін 16 УДЗ аппаратын қажет еткен ауруханаларға жеткізіліп, толық қамтамасыз етіледі деп уәде етті, – деді Ахмет Өтегенұлы.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР