©
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру саласын цифрландыру, мектептерде электронды күнделік жүйесін енгізу және бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңірек оқыту үшін ІТ сыныбын ашу жоспарлануда.
Мұндағы мақсат – оқушылардың информатика және ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануда белсенді оқыту арқылы шығармашылық, зерделеу және индивидуалдық қабілеттерін дамыту.
ІТ сыныбында оқушылар Scratch, Python бағдарламаларын меңгере отырып жұмыс істейді. Сыныптың барлық компьютерлері кең жолақты интернет Wi-Fi желісімен (20 мбит/с) қамтамасыз етілген.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 10 миллиардтан астам бөлінгенБүгін Ақтаудағы И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде кезекті ІТ сынып ашылды. Енді бұл білім ошағының бүлдіршіндері де компьютерлік бағдарламалар арқылы білімін шыңдайтын болады.
-Мектебімізде ІТ сыныбын ашу «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Бұл факультативті пән ретінде енгізіліп, 3-6 айлық курс өткізіледі. Оқыту процесі модулдік жүйе бойынша жүргізілмек, - дейді мектеп басшысы Жайна Ізтұрғанова.
Айта кетейік, ІТ сынып бұған дейін Түпқараған ауданында, Ақтаудағы №23 жалпы білім беретін мектепте және Жаңаөзен қаласында ашылған еді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА