20 сәуірде «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы басталды. Байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында өткізілуде.
Байқауды Маңғыстау облысында «Нұр Отан» париясы Маңғыстау облыстық филиалы, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы, мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі бойынша әкімнің кеңесшісі ұйымдастырып, жоспарлы түрде өз жұмысын бастап кетті.
Байқауға ҰЕҰ, қоғамдық бірлестіктер, мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымы, басқа да халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін жүйеде қызмет атқаратын мекемелер мен ведомствалар қатыса алады.
Байқауға құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Облыс бойынша бірінші орынды иеленген жобаны республикада еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қарастырып, жеңімпаздарды анықтайды.
Байқаудың жеңімпаздарына жобаларды іске асыруға арналған ақшалай сертификаттар беріледі.
Әлеуметтік жобасын ұсынғысы келгендер байқаудың шарттарымен «Нұр Отан» партиясы мен еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан таба алады.
http://www.enbek.gov.kz/kk/taxonomy/term/528 http://www.nurotan.kz/social http://soc.mangystau.gov.kz/ru/ Тел: 8 (8292) 60-25-53