Дəл қазір Қарақия ауданының орталығы Құрықтағы "Ынтымақ" алаңында Қазақстан халқының бірлігі мерекесі тойлануда. Жиналған қауымды құттықтап, аудан əкімінің міндетін атқарушы Қ.Беков сөз сөйлесе, батагөй Күреңтай ақсақал елге бірлік, Отанға тыныштық тіледі. Аудан басшысы бір топ басқа ұлт өкілдеріне ел бірлігі мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін аудан əкімінің Алғыс хатын тапсырды. Бұдан соң аудан активі мен ардагерлер тобы білім беру мекемелері əзірлеген əр ұлттың ерекшелігін дəріптейтін көрмені аралап, сол ұлттың дастархан мəзірінен дəм татты. Аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мереке көрігін қыздырды. Шынар КЕНДІН, Суреттерді түсірген автор