Ауылдарды дамытуға қатысты қандай жоба болсын, бірден бұл істің ауқымы мен мақсатына, нәтижесіне үңілетініміз рас. Бүгінгі жобаның таныстырылымы «Ауылды бірлесе дамыту!» деп аталыпты. 1 жыл бойы сынақ (пилоттық жоба) ретінде жүргізілген жұмысқа облыстан 7 ауыл таңдалып алынған.
Тапсырыс беруші – дүние жүзіне ықпалы жоғары «Еуропалық Одақ» ұйымы болса, жүзеге асырушы - «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі. Құны 458 000 евро тұратын жобаның нендей артықшылығы бар екен деген сұрақ туындады.
- Жоба мақсаты – жергілікті қауымдастықтың, әкімшілік қызметкерлерінің потенциалын арттыру және жергілікті экономиканың дамуына қолдау көрсету арқылы Мұнайлы және Түпқараған аудандарының елдімекендерінде жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге ықпал ету. 2017-2020 жылдарға арналналған жоспарларды атап өтсем, «Ауылды бірлесе дамыту» жобасы Түпқараған ауданы бойынша – Ақшұқыр, Баутин, Таушық, Қызылөзен, Сайын-Шапағатов, ауылдары және Форт-Шевченко қаласы, Мұнайлы ауданы бойынша – Қызылтөбе, Маңғыстау, Батыр, Баянды, Атамекен, Басқұдық, Дәулет ауылдарына жүзеге асырады. Жоба нәтижесінен үлкен үміт күтеміз. 2020 жылға қарай аталған ауылдардағы әкімдер жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметін жүргізу және жоспарлау бойынша жаңа дағдыларға ие болады. Ауыл тұрғындары жергілікті қоғамдастықтардың қызметі арқылы тұрғылықты елді-мекендерінің нақты мәселелерін шешу, талқылау процесіне және ЖӨӨ дамытуға қатыса алады. Кәсіпкерлікті қолдап, дамытып, жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді, - деді «Азаматтық Альянс» ЗТБ директоры Жібек Ахметова.
Жоба әкімшілік қызметкерлері мен ауылдағы жергілікті белсенді қоғам мүшелерінің саяси сауатын арттыру, ауылдағы қандай да болмасын іс-шараларды жүйелі жоспарлау, ауылдың әлеуметтік деңгейін көтеруге ықпал ету үшін арналыпты.
- Ауыл жоспарларында жергілікті маңызды мәселелер анықталып, оларды шешу мүмкіндіктері де қарастырылған екен. Енді жоба аясында ауылдық жерлерде бизнес ашуға қаржылай қолдау көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Бизнес гранттар қазіргі таңдағы цифровизацияға, ауыл шарушылығын дамытуға, жастарды еңбекке баулуға бағыттау қажет деп өз ұсынысымды білдіргім келеді. Маңғыстау облысының әкімінің атынан Қазақстандағы Еуропалық одақтың өкілдігіне Маңғыстау облысындағы жүзеге асырылып жатқан жобаға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз, - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев.
- Жобада ауылдың әлеуметтік жағдайына, даму жоспарына, сондай-ақ инфрақұрылымына ерекше мән беріледі. Бұл туралы Қазақстан Президенті де өз жолдауында қозғап келеді. Ақтауға алғаш рет келіп отырмын. «Азаматтық альянс» бірлестігі жобаны оңайлықпен жеңіп алған жоқ. Арнайы конкурс кезінде өте қатаң әрі маңызды талаптар қойылды. Біз «Азаматтық альянстың» атқарып жатқан жұмыстарына үлкен сенім артамыз, - деді "Еуропалық Одақ" делегациясының Қазақстандағы өкілі С.М.Иохансен.
Сонымен, «Ауылды бірлесе дамыту» жобасы 7 ауылда сынақ (пилоттық жоба) жоба ретінде жүргізіліп, бір жылда атқарған жұмыстарын қорытындылады. Мұнайлы (Батыр, Баянды, Қызылтөбе, Маңғыстау ауылдары) және Түпқараған (Ақшұқыр, Баутино, Форт-Шевченко қ.) аудандарында модульдік тренингтер сериясы өтіп, қатысушылар ауылдағы жергілікті өзін өзі басқару бойынша құқықтары мен мақсат-міндетін айқындап, өз потенциалын арттырып отырды. Осы мақсатта 7 ауылда аудандық және ауылдық жұмыс тобы құрылған.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда әйел кәсіпкерлер арасында тігіншілер көп (ФОТО)- Қызылтөбе ауылында сәуір айында 2018-2020 жж. дамыту жоспары бекітілді. Өте ауқымды, әрі көпжылдық жоспар жасалды. Алғашқыда ауыл адамдары бұл жобаның мақсатын бірден түйсіне қойған жоқ. Бірінші отырысқа барып, қатысып келген ауыл ақсақалдары, белсенді азаматтар (қауымдастық мүшелері): «Сонда жергілікті әкімнің жұмысын біз орындаймыз ба? Неліктен ауылдың дамуы үшін жоспарды біз құруымыз керек?» деген сияқты ойларын айтып жатты. Қызылтөбе ауылының табиғаты шөлейтті, жері құнарсыз, шағын желдері көп болады. Мал өсіруден 18 шаруа қожалығы бар, ал егін шаруашылығы дамымаған. Биылғы жылдан бастап, ауылға су тарту жоспары алға қойылды. Сметалық құны 2 млрд 202 миллион теңгені құрайтын жобамен алдағы уақытта ауылға су тарту жоспары басты мақсат болып отыр, - деп атап өтті Қызылтөбе ауылының әкімі Серік Боранбаев.
Алдағы жылы Мұнайлы және Түпқараған аудандарының қалған 6 ауылында аталған жоба жалғасын табады. Жоба аясында ауылдағы кәсіпкерлері арасында «Start-up» байқауы өткізіліп, жеңімпаздарға қаржылық қолдау көрсетілмек.
Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="53032,53033,53036,53037,53038,53039,53035"]