©
2017 жылдың қыркүйек айында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМКБК) аясында облыс бойынша 45 денсаулық сақтау субьектілері консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуге деректер базасына қатар орындаушы (соисполнитель) ретінде қатысу үшін өтініш берді.
2018 жылдың қаңтар айында 36 денсаулық сақтау субьектілері, оның 16 жеке меншік медициналық клиникалары, қатар орындаушы ретінде консультациялықдиагностикалық қызмет көрсетуге көмек түрлерін ұсынды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда (10 жекеменшік клиника қатысқан) 60 %-ға өскені байқалады.
Егер де аудандар мен қалалардың бөлісінде қарайтын болсақ, Ақтау қаласында 13, Жаңаөзен қаласында 1, Мұнайлы ауданында 1, Түпқараған ауданында 1 жекеменшік клиника өз жұмысын қарқынды жүргізуде.
Аталмыш жекеменшік клиникалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМКБК) аясында тұрғындарға консультациялық-диагностикалық және лабораториялық қызметтерді тегін атқарады
Бүгінгі таңға қатар орындаушылардың реестрі (одан әрі – реестр) толықтай жасақталды. Реестр облыстық медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субьектілеріне жіберіліп, денсаулық сақтау басқармасының сайтында жарияланды.
Сонымен бірге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Маңғыстау облысы бойынша қымбат тұратын медициналық қызмет көрсететін жекеменшік клиникалар арасында келісім-шартқа (одан әрі – шарт) қол қойылды. Шартқа сәйкес компьютерлік томография (КТ) қызметіне «МПК Софи Медгрупп» ЖШС-к пен «Нейрон» ЖШСі, магниттірезонансты томография (МРТ) қызметіне «Денсаулық» (ИНВИВО ВДП) және «МПК Софи Медгрупп» ЖШСі, ангиография қызметіне ««Арчимед» кардиология және ішкі ауруларды емдеу медициналық орталығы» ЖШСгі жұмыс атқаруда.
Денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту және халыққа көрсететін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында учаскелік дәрігер қымбат тұратын медициналық көмекті алу үшін, емделушінің қалауынша, жоғарыда көрсетілген жекеменшік клиникаларынан тегін медициналық көмек алуына болады. Бұрын тұрғындар үшін қымбат тұратын медициналық көмек тек ғана ақылы түрде көрсетілген.
Күндізгі стационар қызметін халыққа тегін көрсету үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен облыс бойынша 5 жекеменшік клиникалары «МПК Софи Медгрупп» ЖШС, «ЛОР Медиус» ЖШС, «ГрандМед» ЖШС, «Еркемед» ЖШС, «Caspian Health Servise» ЖШС-гімен келісімшартқа қол қойылды.
Ғ.ТҰРСЫНОВА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Маңғыстау облысы бойынша филиалының медициналық көмектің сапасын мониторингтеу бөлімінің сарапшысы
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қашаған кен орнынан 11,5 млн тонна мұнай экспортталды