«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары
[ 2018 ] 28 наурыз, 07:22 | Маңғыстау жаңалықтары
Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.
3. Конкурстың жеңімпаз отбасысы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде айқындалады.
4. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
5. Мыналар:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.
Конкурсты ұйымдастырушылар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрады.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру наурыздың 15-31 аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең — аудандық (қалалық), екінші — өңірлік, үшінші — ұлттық.
Жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейдегі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын айқындау бойынша өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялар құрады, сондай-ақ комиссия туралы ережені және іріктеу критерийлерін бекітеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі — бар болса;
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
Ұйымдастырушылар:
1) барлық үміткерлерге тең жағдайды;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің ресми жарияланатын күнінен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөнінде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген төрт қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын өңірлік комиссияларға жібереді.
Өңірлік комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан материалдарды алған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік отбасын іріктеуді жүргізеді, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеруді жүзеге асырады және облыстық конкурстың жеңімпаздары айқындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерімен келісілген өз шешімдерін осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жібереді.
Өңірлік және аудандық комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы — таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
4) балаларының жетістіктері;
5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;
6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерін саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
8) отбасының дарындары;
9) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);
10) отбасының қоғамдағы беделі.
Комиссия өңірлік комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 күн ішінде бағдарламалар циклын әзірлеу үшін мемлекеттік телеарнаға іріктеу туралы, сондай-ақ лауреат атағын тағайындау жөніндегі үміткер отбасылар туралы материалдарды жолдайды.
Жеңімпаздарды іріктеуге смс-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады.
Интерактивті дауыс беру мерзімдерін конкурс ұйымдастырушылары айқындайды.
Комиссия интерактиві дауыс берудің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпазын айқындайды.
Көрермендердің басым көпшілігі дауыс берген отбасыға «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы, диплом мен ерекшелік белгісі (мүсінше) беріледі.
Конкурс лауреатын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты түрде өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Конкурс лауреаты атағын қайталап беруге жол берілмейді.
Ұйымдастыру комитетінің міндеттері
Ұйымдастыру комитеті ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық, шығармашылық мәселелерді, іс-қимылдарды немесе конкурсты дайындау және өткізу бойынша жұмыс бағыттарын келісу мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің ұсыныстарын, қоғамдық бастамаларды қарайды.
Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар жатады:
1) конкурстың басталуы туралы көпшілікке жариялау;
2) конкурстың іріктеу айналымына дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын үйлестіру;
3) конкурстың имидждін жарнамалық науқанын бекіту;
4) конкурстың барлық кезеңдеріне дайындықты және өткізуді үйлестіру;
5) БАҚ-пен жұмыс;
6) конкурс бағдарламасына өзгерістер енгізу;
7) өңірлердегі конкурстың іріктеу айналымдарын өткізу қорытындылары туралы жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау;
8) конкурстың финалдық айналымына қатысуға өтінімдерді жинау, өтінімдерді рәсімдеу мен берілуінің конкурс талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеру;
9) алдын ала қарау үшін өтінімдерді өңдеу;
10) конкурстың қазылар алқасының құрамын құру және оның қызметін үйлестіру;
11) конкурстың финалдық айналымын, конкурс номинанттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін бақылау, ұйымдастыру және өткізу.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Нұрсәуле Жайынбаева: «90 пайыз импорттық өнім тұтынып отырмыз»
1089
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.