©
Қазақстан өзінің алдына ең дамыған отыз елдің қатарына ену міндетін қойып отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның ұлттық экономикалардың рейтінгісімен қатар Бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық индексінің (БЖИ) нұсқасы бойынша 2017-2018 жылдарғы есебі жарияланды. Бүгінде АИТВ инфекциясы бүкіл дүние жүзінде және біздің республикамызда, соның ішінде Маңғыстауда да өзекті мәселелердің бірі екендігі шындық. АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсерінің көрсеткіші жыл сайын ақпан-наурыз айында өткізілетін бизнес объектілері басшыларынан тәуелсіз сауалнама жасау негізінде бағаланады. Осы көрсеткішті жақсарту үшін АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, АИТВ/ЖИТС-тың бизнесті жүргізуге әсері мәселелері жөнінде әр түрлі саладағы бірінші басшылардың хабардарлық деңгейін арттыру қажеттігі туындап отыр. Соңғы зерттеу нәтижесінде Қазақстан жалпы рейтінгте осы көрсеткіш бойынша 81-ден 100-орынға төмендеді.
Жақында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығында «АИТВ-ның бизнеске әсері индикаторы» бойынша Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі рейтингін көтеру және 2017-2018 жылдарға арналған жоспарға сәйкес өңіріміздің дәріхана құрылымдары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді ашып, жүргізіп отырған орталық директорының міндетін атқарушы Алмабек Бисен АИТВ инфекциясының бизнеске әсері туралы баяндады.
Орталық директорының орынбасары Ақнұр Тасболатова көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі жайына тоқталды. Профилактика бөлімінің меңгерушісі А.Кемазанова инфекцияның облыста таралу жағдайы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, 2017 жылы облыста АИТВ инфекциясымен 41 адам тіркелді. Оның 27-сі Қазақстан Республикасының азаматы, ал 14-і шетел азаматы. 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіші (шетел азаматтарын алып тастағанда) 4,3, ал 2016 жылы АИТВ инфекциясының 32 жағдайы анықталып, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы—27, анонимді—1, шетел азаматы—4 және көрсеткіші—4,3. Осылайша, өткен жылы АИТВ инфекциясы—9 жағдайға өсіп отыр. 1994 жылдан бері 2018 жылғы 28-ақпанға дейін өсіммен 275 АИТВ инфекциясы анықталды. Олардың үшеуі 14 жасқа дейінгі бала, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші– 42,8 болып, балалар арасында 1,4-ке жетті. Анықталған АИТВ инфекциясы ҚР азаматтары арасында 196, шетел азаматтары–76, азаматтығы жоқ адамдар–1 және анонимді–2. Қазақстанда АИТВ инфекциясын емдеу тегін және мемлекетпен кепілдік берілгендігін баршамыз білуге тиіспіз. АИТВ жұқтырылған адамдар өзінің жұмыстас-әріптестеріне жұқтырмайды және ұжым үшін қауіп төндірмейді. Өйткені, АИТВ инфекциясы ауа арқылы, қол алысқан және құшақтасқан кезде, жалпыға ортақ әжетхананы, лифтіні пайдалану кезінде және басқа да қоғамдық орындарда жұқпайды. Мұны әр адам білуі тиіс.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Оқушылар өрт сөндірушілердің қызметімен танысты