Достық үйінің мәжіліс залында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтің Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесімен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын маңғыстаулықтарға жеткізу мақсатында Астанадан арнайы келген вице-министр министрліктің негізгі бағыттары бойынша күн тәртібіндегі маңызды тақырыптарды тарқатып берді. Вице-министрдің төрағалығымен өткен отырысқа Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық, аудандық кеңес төрағалары, мәслихат хатшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.
Вице-министр Абзал Нүкенов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ведомствоның жұмысы жайында баяндады.
«Елбасы Жолдауында айтылғандай, адами капитал – қоғам үшін өте өзекті мәселе. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылғанына 1,5 жыл уақыт болды. Ведомство үш негізгі саланы қамтиды. Дін саласы бойынша атқарылып отырған жұмыстармен күнделікті БАҚ арқылы танысып жүрсіздер. Былтыр Дін саласындағы мемлекеттік саясат бойынша үлкен тұжырымдама қабылданды. Қазіргі дін мәселелеріне қатысты заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Парламент Мәжілісі қабырғасында депутаттармен, әртүрлі қоғам өкілдерімен маңызды құжаттар талқылануда. Ведомствоның екінші маңызды бағыты – азаматтық қоғам саласы. Үшінші маңызды сала – жастар саясаты. Жастар мәселесі қазір өзекті болып отыр. Соңғы жылдары елімізде жастар саны азайып келеді, мәселен, өткен жылы жастар саны 4 миллионның үстінде болса, биыл 4 миллионнан төмендеген. Дегенмен бұл көрсеткішке алаңдаудың қажеті жоқ. 90-жылдары ел енді етек-жеңін жиған тұста халық өсімі бәсеңдеу болғанымен, 2005 жылдан бері балалардың туу көрсеткіші көбейген. Оның нәтижесін күтеміз. Әрине, оған дайындық керек, яғни мектептер, емхана, университеттер лайықты болуы қажет», – деді Абзал Нүкенов.
Вице-министр жастар саясаты саласында бірқатар бағыттар Үкімет отырысында айқындалғанын айтты. Бұл кезекте, ең алдымен, ауыл және қала жастары арасындағы мүмкіндіктер айырмашылықтарын төмендету мәселесі тұр. Екіншіден, жастарды әлеуметтендіру, яғни урбанизация үрдісінде жастардың қоғамдық істерге араласуына жағдай жасау. Әлеуметтік лифтілерді дамыту арқылы жастардың өсуіне, шығармашылық жағынан өдамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету, жан-жақты қолдау көрсету. Үшіншіден, отбасылық құндылықтар, бала тәрбиесі мәселесіне көңіл бөлу. Қазақстанда жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау – суицид қылмыстары өршіп тұрғаны белгілі. Осыған байланысты министрлік отбасы институтын қалыптастырып, жастарды дұрыс тәрбиелеу ісіне мемлекеттік дәрежеде көңіл бөлінетінін атап кетті. Жастарға білім беріп, мамандық меңгертіп, кәсіп жасауы – министрлік діттеген міндеттердің бірі.
Жастардың жеке іс бастап, кәсіп игеруіне жағдай жасау, кәсіби кеңестер беріп, ынта- ландыру қажет. Біз осы мақсатта Жолдауда көрсетілген цифрлық бағдарлама аясын- да кәсіп түрлерін игеріп, жұмыс істеймін деген жастарға қолдау көрсетеміз. Бұдан кейінгі тағы бір маңызды мәселе – жасыратыны жоқ, қоғамдағы жемқорлық, қызметке енжарлық секілді әрекеттерден бойын аулақ ұстап, өз ісіне жауап бере алатындай, таза да адал табыс табу мәдениетіне жастарды баулу», – дейді вице-министр.
Министрліктің азаматтық қоғамдағы адами капиталды жетілдіруге қатысты жоспар- лары да жетерлік. Соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ерекше айтуға бо- лады. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайтып, дамыту бағытында бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізілмек.
«Негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған. Осыған қатысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, қазір Мәжілісте талқылану үстінде. Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың нәтижелерін сараптап, бағалауды анықтаудамыз. Сонымен қатар тапсырыстардың әлеуметтік стандарттарын енгізу де ескеріледі. Әлеуметтік тапсырыстардың 95–98 пайызы өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдарға тиесілі. Былтырғы есеп бойынша орталық органдарда 12,7 миллиард теңгеге әлеуметтік тапсырыстар алынған. Соның 12,4 миллиарды өңірлерге – облыс, қала, аудандарға берілген. Былтырдан бастап үкіметтік емес ұйымдарға сыйақылар тағайындау жұмысы да қолға алынған. Өткен жылы 15 бағыт бойынша 59 үкіметтік емес ұйымға 68 миллион теңгеге сыйақы табысталған» деп ұйымдар жұмысын жетіл- діруге арналған бағдарламалармен таныстырды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақ жырының ҚадырыМинистрлік үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету мақсатында «Азаматтық бастамалар картасы», «Азаматтық бақылау», «Жомарт жүрек» бағдарламаларын қабылдаған. «Азаматтық бастамалар картасы» негізгі жобасының басты міндеті – өңірлердің көкейтесті қажеттіліктерін анықтау, азаматтық бастамаларды ынталандыру, сондай-ақ мемлекетті, бизнес-құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілерді өңірлік жобаларды жүзеге асыру мен қолдауға тарту. Ал «Азаматтық бақылау» жобасының мақсаты – айрықша өткір әлеуметтік маңызы бар мәселелерді жедел шешу, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін азаматтардың бағалау механизмін құру. «Жомарт жүрек» негізгі жобасын жүзеге асыру тұрғындарды туған өңірді дамыту ісіне ынталандыруға басымдық береді.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкенов бағдарлама тұжы- рымдамаларын іске асыру азаматтық бастаманы арттыруға септігін тигізеді деп атап өтті. Аталмыш жоба аясында әлеуметтік және өзге мәселелерді шешуге әр азаматтың үлес қосу мүмкіндігі қарастырылған. Жиын барысында Маңғыстау облысының азаматтық қоғам институттарын дамытуға қатысты тақырыптар талқыланды. Об- лыстық қоғамдық кеңес төрағасы Сағын Қырымқұлов кеңес жұмысының 2017 жылғы қорытындысы мен 2018 жылға арналған жоспарын баяндады. Азаматтық Альянс өкілі Жібек Ахметова ресурстық орталық жұмысын таныстырып, үкіметтік емес ұйымдарға берілетін әлеуметтік тапсырыстар төңірегіндегі мәселелерді ортаға салды. Жиынға қатысқан ұйым өкілдері жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыруға қатысуы, үкіметтік емес ұйымдардың грант алу конкурсына қатысуы, деректер базасының жұмысына байланысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Іс-шара қорытындысы бойынша ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкенов үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелерін мемлекеттің қолдауына ие бағдарламалардың іске асырылуына белсене атсалысып, қатысуға үндеді.
Жайық НАҒЫМАШ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="49042,49043,49041"]