Каспий теңізі акваториясында, Каспий маңындағы мемлекеттер аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей мен Түркіменстанның құтқару қызметтерінің бірігіп әрекеттесуін ұйымдастыру үшін «ТENIZ-2018» халықаралық оқу-жаттығу ұйымдастырылмақ. Ондағы мақсат—Каспий теңізі акваториясында кездесуі мүмкін ірі масштабты төтенше жағдайларды жою барысында біріккен іс-әрекеті кезінде Каспий теңізі маңы мемлекеттерінің құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының тиімділігін арттыру, Каспий теңізі акваториясы және шекаралық аймақтардың төтенше жағдайларына ден қою кезінде халықаралық ынтымақтастық мәселесін шешу.
Тағы оқыңыз: Ақтаудағы ірі сауда үйлері мүліктік құнын анағұрлым аз көрсетіп отырЖақында өңірімізде іссапармен болған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильиннің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен отырыста осы оқу-жаттығуды ұйымдастыру, оған дайындық мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, басқосу барысында орталық, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың оқу-жаттығу өткізуді бірігіп ұйымдастыруға байланысты мәселелер қарастырылды. Шекаралық және кедендік қызметтер, Қазақстан секторындағы Каспий теңізі акваториясында Каспий маңы мемлекеттері бөлімшелерінің апаттық құтқару, Ақтау және Баутино порттарында, теңіз кемелерін орналастыру мәселелер шешілді.
Басқосу соңында «ТENIZ-2018» халықаралық оқу-жаттығуды сапалы дайындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="47604,47605,47606,47607,47608"]