• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Ересектер арасында жүрек-қан тамырлары ауруы белең алып отыр

    [ 2018 ] 22 қаңтар, 14:02  |  Маңғыстау жаңалықтары

    ©

    «Ұлтымыздың түп қазығы – ауылда» демекші, ауылдың күнкөріс деңгейін жақсартуға ерекше ден қойылуда. Жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне жағдай жасап, мектеп, балабақша және емханалар бой көтеруде. Аталмыш мекемелерде сапалы жұмыс жүргізілу үшін білікті әрі жас мамандар күшін ауылға жұмылдыруда. Осы ретте Жаңаөзен қаласына іргелес орналасқан Теңге елді-мекеніндегі №2 емханасының жас маманы, «Үздік жас көшбасшы» атағын иемденген жалпы тәжірибелі дәрігер Камелжан Бимағамбетовпен сұхбаттасқан едік.

    - Камелжан, қандай оқу орнының түлегісіз? Ең алғаш еңбек жолыңыз қай жылдары басталды?

    - 2015 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медициналық университетін «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдадым. Сол жылы жас маман ретінде менің алғаш еңбек жолым Теңге ауылының емханасында басталды. Міне, содан бері осы мекеме қабырғасында еңбек етіп жүрмін. Сонымен бірге, қазіргі таңда Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасында да кезекші дәрігер қызметін атқарамын.

    - Жалпы тәжірибелі дәрігердің негізгі атқарар қызметі қандай?

    - Іңгәләған бала мен еңкейген қарияға дейін жалпы тәжірибелі дәрігердің қарауында болады. Жалпы тәжірибелі дәрігер өзіне тиесілі белгіленген аймағындағы тұрғындардың денсаулығын қадағалап, қажет кезде медициналық көмек көрсетеді. Тұрғындарды жыл сайынғы медициналық тексерістен өткізіп, уақытылы тегін екпе, дәрі қабылдауымен қамтамасыз етіп отырады. Диспансерлік есепте тұрған азаматтарға белгіленген мерзім бойынша ем жүргізіп, халықтың денсаулығын нығайтуға себепкер болады. Сонымен қатар, халық арасында медициналық сақтандыру және үгіт-насихат шараларына белсене атсалысатын мамандардың бірі.

    - Қазіргі таңда Теңге ауылының тұрғындарының әл-ауқаты қай деңгейде?

    - 17 мың халқы бар Теңге ауылының қазіргі таңда жағдайы жаман емес. Кез келген тіркелген науқас дәрігер бақылауына алынып, тиісті ем-домдар тағайындалуда. Қала, ауыл әкімдігі және Маңғыстау облыстық денсалық сақтау орталығының көмегімен былтыр біздің емханамызға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл емхана қызметкерлеріне жоғары деңгейде еңбек етуіне ықпал жасап, ауыл тұрғындарының дер кезінде әрі сапалы ем алуына мүмкіндік туғызып отыр.

    - Ауыл тұрғындары арасында көп кездесетін ауру түрлері қандай?

    - Тұрғындар арасында созылмалы ауру түрлері көптеп кезедеседі. Дәрігерлердің қабылдауына келетіндердің ішінде қарттардың саны басым. Келушілер арасында асқазан жолдары аурулары жиі тіркеледі. Үлкендерде жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық қан қысымының жоғарылауы мәселе болып отыр. Жүрекке жасалатын оталар да көп. Мұның себебі тұрғылықты халықтың өмір сүру салты, ас қабылдау дәстүрі дұрыс емес. Қарапайым халық той-садақа жиындарға көп барады. Тойда майлы ет асылып, күріштен дайындалған палау сияқты тамақтар беріледі. Етті мөлшерден тыс көп жегеннен ас қорыту жүйесі бұзылады. Осының салдарынан жүрекке, ұйқы безіне күш түсіп ағзалардың функциональды жұмыс жасауының төмендеуі созылмалы аурулардың көбеюіне әкеліп соқтырады. Қарияларда жиі кездесетін екінші ауру түрі – қант диабеті. Бұл ауру тек Теңге ауылында ғана емес, еліміз бойынша, тіпті әлемдік деңгейде белең алып отыр. Қант диабеті ересектермен қатар жастар арасында да жиі кездесуде.

    - Емхана тарапынан ауыл халқының денсаулығын нығайту мақсатында қандай шаралар ұйымдастырылады?

    - Егде жастағы адамдардың жылдарына сәйкес ерлер мен әйелдерге скрининг жүйесі арқылы тексеріс жүргіземіз. Аталмыш тексеріс арқылы адам ағзасындағы кезедесетін қауіпті аурулардың алдын аламыз. Байқалған белгілер арқылы кез келген сырқаттың бетін қайтарып, тиісті ем түрлерін уақытылы жасаймыз. Ағзаға түскелі отырған ауруға тұсау қойғанымыз адам өмірінің ұзаруына үлкен септігін тигізеді. Скрининг тексеру жұмыстары арқылы дәрігерлердің де қалыпты әрі тиімді қызмет жасауына мүмкіндік туады.

    - Дәрігерлік жолды таңдауға не себепші болды?

    - Бұл қиын да күрделі еңбек жолын таңдауыма ата-анам мұрындық болды. Халқына қызмет етсін деген тілектері шығар. Мен өзім Теңге ауылында туып-өстім. Ауылдың көшелері талай доп қуып, ат терлеткен жерім. Қазіргі таңда маман атанып туған ауылымның өркендеуіне аз да болса үлес қосып жатқаныма шын қуаныштымын.

    - Жас азаматсыз жұмыстан бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз? Өнерден құр алақан емес шығарсыз?

    - Дәрігерлер салауатты өмір салтын үгіттеуші жандардың бірі болғандықтан, бос уақытымда спортпен шұғылданғанды ұнатамын. Мектеп қабырғасында баскетбол, футбол, күрес сияқты спорт түрлерімен айналыстым. Түрлі сайыстарда топ жарып, жүлделі орындарға ие болдым. Қазір уақыт тапшылығына байланысты, көпшілік арасында сұранысқа ие тек футбол ойнағанды ұнатамын. Сонымен қатар, өзім қызмет ететін Теңге емханасы Жаңаөзен қалалық №2 емханаға қарасты болғандықтан, аталмыш емхана намысын қорғайтын спорттық топтың көшбасшысымын. Мамандар арасында өткізілген облыстық, қалалық спорттық додаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрміз. Осы ретте мекеме басшылығы тарапынан алғыс хат, дипломдармен марапатталдым. Өнерге келер болсақ, «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, шабытым келгенде қолыма қалам алып, өлең жолдарын жазатыным бар. Көптеген мүшайралардың жеңімпазымын. «Әу» демейтін қазақ жоқ», кей кезде ән айтатыным да бар. Бала күнімде қазақ әдебиетін, оның ішінде жыр-дастандарды сүйіп оқып, талай жыр-терме сайыстарында топ жарғанмын. Оқушылық шақтан бастау алған көп арасынан суырылып шығып, сынға түсу қасиетім студенттік өмірімде де жалғасты. Университет қабырғасында жүргенде де талай байқауларда бақ сынап, жоғары оқу орындар арасында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында сұлтан атанғанмын.

    - Өте жақсы, жеңістің тұғырынан таймаңыз. Еңбекте толағай табыстар тілейміз. Сұхбатыңызға рахмет!

    Сұхбаттасқан Қаламқас АМАНҚОСОВА

    ОСӨСҚПО ЖҚФ еріктісі

    1474
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    маңғыстау жаңалықтары денсаулық
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстаулық травматологтар 7 мыңнан аса балаға көмек көрсеткен

    Келесі жаңалық

    Маңғыстаулық құсбегілер сонарға шықты (ФОТО, ВИДЕО)

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Алты айда 18 адам АИТВ инфекциясымен тіркелді

      [ 2017 ] 10 шілде, 05:06
      2056

      Астаналық кардиохирург Ақтау тұрғындарын тегін қабылдайды

      10 тамыз, 12:07
      1427

      Маңғыстау облыстық қан орталығы тұрғындарды қан тапсыруға шақырады

      25 шілде, 11:25
      1387

      Астана мен Алматы дәрігерлерінің дәрісі мен кеңес беруі басталды

      23 шілде, 20:35
      640

      Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығына арнайы диагностикалық құрал табыс етілді

      19 шілде, 11:14
      577

      Уақытында дәрігерге қаралу қатерлі ісікке жол бермейді - онкохирург

      18 шілде, 10:32
      511

      Рубрикалар

        Ашық қоғамӘлем жаңалықтарыМәдениетҚазақстан жаңалықтарыСпортЭкономикаБайқауӘдебиетСұхбатМаңғыстау жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3009

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2757

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2593

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3080

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2877

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2812

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»