• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Маңғыстаулық құсбегілер сонарға шықты (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2018 ] 23 қаңтар, 06:45  |  Маңғыстау жаңалықтары

    ©

    Қансонарда бүркітші шығады аңға,

    Тастан түлкі табылар аңдығанға.

    Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет,

    Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

    Абай

    Осы жексенбіде Айрақты тауының етегінде «Ата кәсіп – аңшылық» атты құсбегілік пен саятшылықты насихаттауға арналған шара өтті. «Отпан» мемлекеттік кәсіпорны ұжымының ұйымдастыруымен өткен сонарға Отпан таудың етегіндегі Тұщыбек ауылының құсбегілері Мереке Өтеғалиев, Өтежан Советов, Ертіс Есжанов, Айшуақ Тайманов пен бірқатар тазы иелері қатысты.

    - Маңғыстауда бес-алты бүркітші бар. Өңірде ұлттық спортты насихаттау, туризмді дамыту мақсатында саятшылыққа көңіл бөлінуде, - дейді ұлттық дәстүрді жандандырып жүрген бүркітші Мереке Өтеғалиев.

    https://www.youtube.com/watch?v=TDwX8zibiF4&t=6s

    М. Өтеғалиевтің құсбегілікпен айналысып жүргеніне 5-6 жылдың жүзі болған. Ол 2016 жылы Жамбыл облысында өткен «Қауырсын» клубының 35 жылдығына арналған республикалық жарыста Құрмет грамотасымен марапатталған. Бүркітті аңға салудан мол тәжірибесі бар ол балапанды баптаудың құпиясымен бөлісті:

    - Ұядан шыққан балапанды келесі жылы жарыстарға қатыстыра беруге болады. Бұл кезде ол түлкі, қоян ала бастайды. Аңға салу үшін үшін құсты жаз бойы майлы, құнарлы тамақ беріп, семіртіп, қауырсынын түлетеміз де, қансонардың алдында 30-40 күн бұрын арықтатамыз. Өйткені «тоқ бүркіт түлкі алмайды». Бірақ бірден арытуға болмайды. Бабы келіспеген бүркіт аңға түспейді. Ол үшін қызыл етті жылы суға салып, қанынан айырып, толық ағартып береміз. Мұны ақжем деп атайды. Ертең аңға шығады деген күні бүркіттің ішін тазалау үшін қоя, яғни киіз жұтқызамыз. Киіз қоя майды сіңіріп, бүркітті іш майынан арылтады, - дейді ол.

    Ұйымдастырушылар шараны өткізудегі мақсат тарихы тереңде жатқан бекзат өнерді насихаттау, телефонға телмірген жастарды қазақы өнерге қызықтыру арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру екенін айтады.

    - Құсбегілікті туризмнің көзі ретінде дамытпақпыз. Болашақта бұрынғы салт бойынша салбурын, яғни аңшылар мен өнерпаздардың бірігіп аңға шығу дәстүрін жандандыру да жоспарланып отыр. Түлкі алпыс екі айлалы десек те, бүгін бүркітшілердің қанжығасы майланды, - деді «Отпан» МКҚК өкілі Құралай Ізімбергенова.

    https://www.youtube.com/watch?v=oWE71RcztlI

    Бұл күні аңшылар олжалы қайтты. Бұған дейін төрт рет ұйымдастырылған шараға бастамашы болып жүргендердің бірі «Отпан» тарихи-мәдени кешенінің қызметкері Жомарт Айдарбектің айтуынша, шара әуелде құсбегілердің кездесуінен басталған.

    - Бұл шара соңғы 4-5 жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Әуелде құсбегілердің кездесуінен басталған еді. Бүгінде Тұщыбек ауылында 4-5 бүркітші бар. Осы таудың маңайындағы ауыл мектептерінің оқушылары құсбегілікпен танысып отыр. Бүгін Отпан тауының етегінен Айрақты тауына дейін бардық. Сонарға Маңғыстау, Түпқараған аудандарының ауылдарынан, Құрық пен Сайын ауылдарынан тазыларын ертіп жігіттер келді. Қанжығамыз майланды. Мақсатымыз – ата-бабадан келе жатқан бекзат өнер саятшылықты насихаттау еді. Бүгін сол сол мақсатқа жеткендейміз, - деді ол.

    Камшат ОҢҒАЛТАЙ,

    Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН.

    Тазылардың видеосын ұсынған Динара АТШЫБАЕВА

    https://www.youtube.com/watch?v=A1hFvxT9YOI
    1267
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    маңғыстау жаңалықтары анонс рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ересектер арасында жүрек-қан тамырлары ауруы белең алып отыр

    Келесі жаңалық

    Жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жадынама

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
      17982

      Маңғыстауда сот актілерінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

      [ 2019 ] 29 қараша, 13:42
      17777

      Ақтауда «Абай әлеміне саяхат» клубтарының республикалық орталығы ашылды

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:35
      18907

      Маңғыстауда «Сисем – елдің есігі, ердің бесігі» атты жалпыхалықтық ас беріледі

      [ 2019 ] 9 қыркүйек, 13:14
      18306

      Маңғыстауда "Өз өлкеңді таны" экспедициясы өтті (күнделік - 2)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:26
      18136

      Маңғыстаулық студенттер киіз үй тігуден жарысты (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 24 сәуір, 13:12
      2219

      Рубрикалар

        Ауыл өміріРедакция газеттеріТағайындауМұнайлыМәселеРедакция туралыБайқауБейнеу

      Автордың басқа да жазбалары

      Жағадағы "жайма базар": ақтаулықтарды толғандырған мәселе талқыланды

      [ 2019 ] 13 маусым, 05:51
      2374

      Маңғыстаулықтар сайлау учаскесіне келіп дауыс беруде

      [ 2019 ] 9 маусым, 11:10
      1848

      Маңғыстауда сайлаушылардың 52 пайызы өз таңдауын жасады

      [ 2019 ] 9 маусым, 08:55
      2172

      Маңғыстауда Президент сайлауына дауыс беру басталды

      [ 2019 ] 9 маусым, 04:20
      1794

      Маңғыстауда сайлауды 23 шетелдік байқаушы бақылайды

      [ 2019 ] 8 маусым, 10:56
      1858

      Маңғыстауда бір мезетте 2 мың адам Қазақстанның Әнұранын орындады

      [ 2019 ] 4 маусым, 06:59
      2229

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»