• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын айтты

    [ 2018 ] 22 қаңтар, 05:38  |  Маңғыстау жаңалықтары

    ©

    Жақында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын арнады. Осыған орай, «Достық» үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов «Вайнах» этно-мәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесіп, Елбасы Жолдауының басты бағыттары мен маңызды міндеттеріне егжей-тегжейлі тоқталып, түсіндірді.

    ҚР Парламенті Мәжілісінің табиғатты пайдалану және экология мәселелері бойынша комитетінің мүшесі, Шешен-ингуш мәдениетін дамыту «Вайнах» республикалық бірлестігінің басшысы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Мәжілістің бесінші және алтыншы шақырылымының депутаты Ахмет Мурадов халыққа жаңа стратегиялық маңызды құжаттың мазмұнымен таныстыруды, әрбір бөлімін түсіндірді.

    Депутат облыстық «Вайнах» этно-мәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесуінде Президенттің Жолдауы – еліміздің өркендеуіне зор серпіліс әкеліп, бірқатар маңызды салаларда оң өзгерістерге жол ашатын басты құжат екенін атап өтті.

    - Қазақстан әлемдік деңгейге қарышты қадам басты. Біздің егеменді елімізге БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етумәртебесі бұйырды. 25 жыл бұрын Қазақстан тәуелділік бұғауынан босанып, еңсесін енді тіктеп жатқанда мұндай зор мәртебеге жетеді деп кім ойлаған? Бүгінде республикамыз әлемнің алпауыт елдерімен терезесін теңестіріп, бәсекеге қабілетті, озық елдер қатарынан ойып тұрып орын алуда. Ұлан-ғайыр жеріміздің басты қазынасы – бір шаңырақ астында жиналған түрлі ұлт халықтарының бір отбасындай ұйып, тату-тәтті ғұмыр кешуінде. Еліміздің мықты ауызбіршілігі, достығы мен бейбітшілігі – Президентіміздің сұңғыла саясаткер, көреген көшбасшы болуында деп білемін.Қазақстанда өмір сүрген барша халықтардың басты қаруы – оның бірлігі, достығы, біртұтастығы. Сондықтан бейбітшіліктің бесігіне айналған елімізге осындай үлкен мәртебе бұйыруы да заңды, - деп ақтарыла сөйледі депутат А.Мурадов.

    Оның сөзінше, өткен жылы Астанада ұйымдастырылған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі – миллондаған адамдарды тартып, таңғажайып туындылар мен керемет көріністер ұсынды. Мұндай маңызды ауқымды шара әлемнің назарында болды. «Бұл – еліміздің басты мақтанышы мен абыройы. Қазақстанның берекелі белестерге, жарқын жетістіктерге жетуі, тыныштық пен бейбітшіліктің талбесігіне айналуы Елбасының сындарлы саясатының, қазақ халқының қамқорлығы, жанашырлығы мен даналығының арқасы», - деді ол.

    Ахмет Мурадов Жолдаудың ішіндегі 10 басым бағытқа тоқталып, әрқайсысына толық әрі түсінікті мағлұмат беріп өтті. Әсіресе, цифрландыру үрдісі, сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік тіл сынды маңызды тақырыптарға ерекше назар аударды.

    - Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақстан – діні, ділі, тілі бөлек басқа ұлт өкілдеріне екінші Отанына айналған. Болашақ – қазақ тілінде. Егер болашағымызды осы елмен байланыстыратын болсақ, қазақ тілін меңгеруіміз қажет. Мемлекет бұған барлық жағдай жасаған, - деді Ахмет Сейдарахманұлы. Оның сөзін «Вайнах» этно-мәдени бірлестігінің басшысы Магомед Лорсанов та қостады: «Қазақ тілін білмейтін жастардың болашағы бұлыңғыр».

    Халық қалаулысы сөз соңында жиналғандарға Елбасының Жолдауына үн қосып, айқындалған мақсат пен міндеттердің орындалуына үлес қосуға шақырды. «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің өкілдері Жолдауға қолдау білдірді.

    Ханым ҚУАТ

    879
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстау балабақшаларында тәрбиеші жетіспейді

    Келесі жаңалық

    Маңғыстаулық травматологтар 7 мыңнан аса балаға көмек көрсеткен

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      4577

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      4927

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4560

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      3866

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      3896

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      4833

      Рубрикалар

        ЖаңалықтарҚоғаманонсТағайындауБейнеуЖарнамаӘдебиетАНТИКОРАуыл өміріДенсаулықСараптама

      Автордың басқа да жазбалары

      Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 06:39
      2043

      Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

      [ 2019 ] 26 қараша, 05:57
      1664

      Бейнеу ауданының тұрғындар саны 70 мыңнан асты

      [ 2019 ] 14 қараша, 05:00
      5894

      Жемқорлық түбі – қорлық!

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:15
      1709

      Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

      [ 2019 ] 11 қараша, 05:38
      2413

      Ақтауда шахматтан турнир өтті

      [ 2019 ] 7 қараша, 09:33
      2242

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»