©
Маңғыстау мемлекеттiк қорығында «Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар» атты тақырыпта бөлім меңгерушісі А. Яриханова жүргізген ғылыми-танымдық кеш өтті.
Елбасының парасатты пайым, пікірін жүзеге асыру мақсатында, Маңғыстауда Кеңес өкіметін орнатуда белсенді күрескер, көрнекті мемлекеттік қайраткер Жалау Мыңбайұлының және өңірдегі тұңғыш әскери комиссарлардың бірі, алғашқы Қазақ әскери-эскадрондық полкінің командирі Төлесін Әлиевтің, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұлұлының туғанына 125 жыл толуына арналған кешке өңірлік сараптамалық кеңес төрағасы Алқажан Еділхан, өлкетанушы Қолғанат Нұржаубайұлы, «Рухани жаңғыру» өңірлік офисінің «Туған жер, туған ел» бағыты бойынша менеджері Бақтыбай Жайлау, Жалау Мыңбайұлының ұрпағы Нұрқабыл Қарайдаров, туризм колледжінің студенттері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің магистранты, ақын Бақтыбай Жайлаудың Нәзір Төреқұлұлының өмірі мен қызметі туралы деректі әңгімесі, Жалау Мыңбайұлы туралы ойлары, Алаш арыстарына арнаған өлеңі жастардың санасына қозғау салып, рухани жаңғыруға шақырғандай әсер етті.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Тағы оқыңыз: Ақшұқыр ауылында жер учаскесі құжаттарын реттейтін филиал жұмыс істейді