Ауданымыздағы Бейнеу орта мектебінде 4 қыркүйек-17 қараша аралығында орта білімдегі үш тілді оқыту аясында «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өтуде. Курс «Nazarbayev University Educational Excellence center» ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік жасау. Елбасымыз: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде жоғары,халқы үш тілді де: қазақ тілін-мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін-ұлтаралық қатынас ретінде және ағылшын тілін-жаhандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» деп атап көрсеткен болатын.
Тағы оқыңыздар: Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау театрында жаңа премьера«Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ол бақытқа жетеді» деп ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, өз ана тілімен қоса ағылшын және орыс тілдерін де қатар меңгеріп, көптеген жетістіктерге жетіп, одан бақыт тапқан жан деп біздің тренер Ибрашева Динара Ерболқызын айтсақ болады. Жоғары оқу орнын үздік бітіріп, өз саласындағы жетістік шыңын бағындыра білетін маман иесі. Топта ауданымыздың әр мектебінен 12 мұғалім дәріс алады. «Beginner» және «Elementary» деңгейін ойдағыдай аяқтады. Мұғалімдер өз пәндерінің оқыту әдістерін, ағылшын тілінде үйреніп, күнделікті сабақта жұптық жұмыс, топтық жұмыс, сонымен қатар түрлі тақырыптарда ағылшын тілінде постер қорғау, диалог, монолог құру, рольдік ойындар арқылы бір-бірімізбен тәжірибе алмасып келеміз. Әр мұғалім өз пәні бойынша ағылшын тілінде сынақ тапсырды. Жоспар бойынша ендігі уақытта Назарбаев Университеті профессорлары дайындаған қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі видео лекцияларын көріп, талқылап, берілген тапсырмаларын орындап, өзіндік бақылаулар жасау. Жалпы курс бойынша 17 қараша күні онлайн тест арқылы қорытындыланатын болады.Сондай-ақ, осы курсты ойдағыдай аяқтап, алдағы уақытта жинақтаған тәжірибемді, осы курста алған білімімді өз пәніме, яғни физика пәнінің терминдеріне жүйелі тізім жасап, әр сабағыма ағылшын тілін кіріктіріп, шәкірттерге білім, ғылымды үш тілде меңгерту, яғни әлемдік деңгейге жете алатын, бірнеше тіл меңгерген жас ұрпақты қалыптастыру.
Нұрайым БАЯНҚОЖА,
«Бейнеу ауданының әкімдігінің
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ,
Физика пәнінің мұғалімі