1 қараша күні жаңарған Жаңаөзен қаласынан бастау алған жастар керуені 10-қараша күні Бейнеуге келіп жетті. Маңғыстаудың 56 елді мекенін қамтитын «Рухани жаңғыру: жастар керуенін» ұйымдастырудың негізгі мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау. Жастар жұмыссыздығының алдын алып, жастарды өзге діни ағымдардан терроризм қаупінен сақтау, кәсіпкерлікке тартып, бұқаралық спортты дамыту, тұрғын үй алуға көмектесу және тегін кәсіптік білімге қалай қол жеткізуге болады. Осы аталған салаларда спикерлер сөз сөйледі.
Қонақтарды аудан әкімі Б.Әбілов, аудан әкімінің орынбасары Ү.Әмірханова және мекеме, кәсіпорын басшылары мен жастар «Жұбайлар бағы» жанынан қонақтарды күтіп алып, Боранқұл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Боранқұл ауылы жастарымен кездескен керуеншілер еркін форматта ашық сұхбат алаңында ауыл тұрғындарымен кездескен «Жастар керуенінің» жұмысын Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Үміт Әділқызы Әмірханова және Маңғыстау облысы жастар мәселесі басқармасының басшысы Аманғали Сүлейменұлы Нұрдәулетов ауыл жастарына арнаған құттықтау сөздерімен бастады.
Кездесу барысында әр спикерлер өз саласы бойынша сөз сөйлеп өтті.
Кәсіптік техникалық білімді тегін алу жөнінде облыстық білім басқармасының өкілі Сәбиева Айнұр тұрғындарға және жастарға мамандық таңдау барысында тегін кәсіптік білім берудің мүмкіндіктері, оның грантпен оқудан айырмашылығы туралы түсіндіріп, оқуын аяқтаған сәтте автоматты түрде жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екенін айтты. Жұмысшы мамандықтарын таңдаудың артықшылықтарына тоқталды.
Жұмыссыз жастарға барынша жағдай жасап, қала берді қайта оқытып, жұмыс тауып беріп жүрген орталықтың бірі – «Жаңа серпін» орталығы болып табылады. Мұндай орталық тек Маңғыстау облысында ғана жұмыс жасап келеді. Осы орталықтың бөлім басшысы Майра Досниязова облысымызда қандай мамандықтар жетпейтінін және осы мамандықтарға оқуға түсіп немесе қайта дайындау курсынан өтіп, жұмыс жасауға шақырды. Қалада салынған жас мамандар жатақханасымен таныстырып өтті. Еліміздегі жұмысшы тапшы аймақтарды атап, сол қалаларға қоныстанып, жұмыс жасауға шақырды.
«Рухани жаңғыру» жобалық офисінің сарапшысы Бақтыбай Жайлау бағдарламаның негізгі мақсатын, одан қандай тәрбие және білім алу керектігін нақты атап өтті. Оның кіші бағдарламаларын жік-жікке бөліп, түсіндіріп берді. Қала берді Маңғаз өлке Маңғыстау даласында түсіріліп жатқан «Құлшар күйші» киносы жөнінде де айтып, жастарға қазіргі таңдағы облысымызда кенже қалып келе жатқан «режиссер» мамандығы бойынша оқуға шақырды.
Қазіргі таңдағы әр түрлі діни теріс ағымдар жөнінде облыстық дін істері басқармасы ақпарат тықталдау орталығының теологмаманы, дінтанушы Ғазимов Нұрлан сөз сөйлеп, тұрғындар қойған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Ғаламтор желісін пайдалану қол жетімді болған кезде өзгенің жетегіне ғаламтор арқылы ермеу үшін, жастарға дұрыс діни сайттарды көрсетіп, көкейдегі сұрақтарға жауапты осы жерден алу керектігі жөнінде кеңес беріп өтті.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілі Бәлияш Майланова тұрғын үймен қамту бойынша төмен пайызды бағдарламаның берер мүмкіндіктері, мемлекет тарапынан ұсынылар мол мүмкіндіктер арқылы тұрғын үймен қамтылудың аз пайызды несиелер бағдарламалары туралы түсіндіріп өтті.
«Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман!» - деп, Елбасымыз айтқан болатын. Осы сөзді өзіне ұран қылып алған Бейнеу политехникалық колледжінің ұстазы, ІТ маманы Оспанов Тұрлан әлемдік деңгейде дамып жатқан ІТ саласы жөнінде айтып, жастарға БАӘ-нің Әбу-Даби қаласындағы жарысқа қатысып келген, колледж студенті Еркебұлан жөнінде тоқталып өтті. Бұл сала енді дамып, енді қарқынды қолға алынып келеді. Сондықтан жастарды ерінбей оқып, ізденуге шақырды.
Халықаралық «Alash Pride» алтын белбеуінің алғашқы иегері, жерлесіміз Шыңғыс Қайранов әрбір істе жетістікке жету үшін аянбай тер төгіп, еңбектену қажет екенін айтып, өзінің чемпион болу жолындағы қажырлы еңбекке толы әрекеттері туралы әсерлі баяндап, жастарды патриот болуға, өз еліне аянбай еңбек етуге шақырды. 10қараша күні түске дейін Боранқұл ауылының тұрғындарымен кездесіп келген керуен делегациясы Бейнеуге келіп жетті.
Аудан орталығына келіп жеткен керуен делегациясын Бейнеуліктер аудандық өлкетану мұражайына апарып, ауданның тарихы және бүгінгі таңда жеткен жетістіктерімен таныстырды. Абыл мәдениет үйінде студенттердің қолымен дайындалған көрме және жергілікті өнер мектебінің шәкірттерінің сурет және қолөнер туындылары ұсынылды. Аталмыш көрмеге қойылған заманауи үлгідегі 3D форматында жастардың дайындаған нәрселері, жаңаша құрылғылары қонақтардың ерекше ықыласына ие болды.
Ауқымды кең көлемді шараны аудан әкімі Бейнеубек Әбілов ашып берді, шараға қатысушы жастарға сәттілік тіледі. Одан кейін облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов сөз сөйлеп, шараның мақсаты мен міндеттерін айтып, жастарды белсенді болуға шақырды.
Өз сөзінде Аманғали Сүлейменұлы Сіздің араңыздан ертең біреуіңіз – инженер, екіншіңіз – мұғалім боласыздар, біреуіңіз – әкім, біреуіңіз – кім біледі, мүмкін, министр боларсыздар, мүмкін, осы залда Қазақстанның болашақ Президенті отырған шығар. Сондықтан алдарыңызға үлкен мақсат қойып, елдің өсіп-өркендеуі үшін өз үлестеріңізді қосып, еңбек етіп, «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не берем?» деген мақсатпен өмір сүруге баршаңызды шақырамын.
Ашық форматта, сұхбат алаңында өткен кездесу кезінде шараға қатысушыларға залдан ватсап желісі арқылы спикерлерге сауал жолдау мүмкіндігі ұсынылды. Спикерлер өзі қызмет ететін саласындағы мемлекет тарапынан жастар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер және мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіріп, толық ақпарат берді.
Спикерлер ішінен алғаш сөз бастаған ғылым жолында жүрген ақын жігіт Бақтыбай Жайлау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жөнінде мән мағынасына, маңызына тоқталып, түсіндіре отырып, сөз барысында салт-дәстүрімізді сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған ата-бабаларымызға құрмет көрсету керек екенін, тарихи-мәдени орындарымызды таза ұстап, қастерлеу керек екенін және ұлттық код, тәрбиемізді дұрыстау керек екенін айтты.
Екінші болып сөз алған облыстық дін істері басқармасы ақпараттықталдау орталығының теологмаманы, дінтанушы Ғазимов Нұрлан сөз сөйлеп, діни тұрғыдағы сайттар жөнінде атап көрсетіп берді. Облысымыздағы діни ахуал жөнінде айтты. Жастарға теріс діни ағымдардан, терроризм қаупінен сақ болуға шақырды. Тұрғындар тарапынан келген сұрақтарға тұшымды жауап беріп, ризашылығын алды. Сонымен қатар, «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілі Майланова Бәлияш тұрғын үймен қамту бойынша қандай көмектер қажет екенін атап өтіп, аудан тұрғындары тегін есеп шот ашқызып берді. Соның нәтижесінде Бейнеу ауылындағы 20-дан астам отбасы есеп шот ашты. Модератор Сағатбек Жұбановтың «Осы кезге дейін қанша отбасыны бақтты қылдыңыз?» деген сұрағына көптеген азаматпен азаматшалар маған телефон соғып ризашылығын білідіріп жатады. Міне сол мен үшін бақыт – деген болатын.
Тағы оқыңыздар: «Man’g’ystay’» арнасында — жаңа маусымКәсіптік техникалық білімді тегін алу жөнінде облыстық білім басқармасының өкілі Сәбиева Айнұр жастарға мамандық таңдау барысында тегін кәсіптік білім берудің мүмкіндіктері, оның грантпен оқудан айырмашылығы туралы түсіндірді. Жұмысшы мамандықтарын таңдаудың артықшылықтарына тоқталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Теміртау қаласында еңбек жолын жұмысшы мамандығынан бастағанын үлгі етіп, жастарды шақырды.
Бейнеу политехникалық колледжінің ұстазы, ІТ маманы Оспанов Тұрлан әлемдік деңгейде дамып жатқан ІТ саласы жөнінде айтып, колледж жанынан құрылған ІТ клубы жөнінде баяндап берді. Жастарды ерінбей оқуға, ізденуге шақырды. Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, ғылымға сенген заманда қапы қалып жүрмейік – деп атап кетті.
Жаңа серпін орталығы жастарды жұмыспен қамтып, қандай мамандық алуға көмектеседі. Осы жөнінде орталықтың бөлім басшысы Майра Досниязова облысымызда қандай мамандықтар жетпейтінін және жастарды жұмыспен қамту, жаңа мамандықтарға оқыту, біліктіліктерін арттыру және кәсіптік бағдар берудің Маңғыстау өңірінде ғана бар ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Жас мамандарға арналған жатақхана жөнінде айтып берді.
Тұралы ЖОЛЫШОВ,
Жастар орталығының директорының орынбасары