Қазан айының соңына дейін 105 бағыттағы автобус толық жаңарады. Бұл туралы Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Тұрғын облыс әкімдігінің телеграм каналына қоғамдық көліктің ескіргенін және кіші сыйымдылықта екенін жазған. Жауапты мамандардан автобустың жүру жиілігін арттырып, жаңа автобус керек екенін жеткізген.
- №105 маршрутына «Yutong» маркалы жаңа 16 дана сатып алынды. Автобустар 11 қазан күні Ақтау қаласына жеткізілді. Енді қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі, - дейді Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынің өкілі Асхат Төлеш.