Маңғыстаулық кәсіпкер Талғат Сүлейменов жүзім алқабының 1 гектарынан 40 тонна өнім жинады. Бұл алқапты 5 гектарға дейін кеңейту үшін кәсіпкер «Каспий» ӘКК» АҚ-нан төмен пайыздық мөлшерлемемен 15 миллион теңге көлемінде несие алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
«Каспий» ӘКК» АҚ жобаларды басқару департаментінің мамандары жобаның жүзеге асырылу барысын бақылау мақсатында «Кәусар бұлақ» кооперативінде болды.
Кеңейтілген алқаптағы жүзім өнімін 2024 жылы жинау жоспарлануда. Жалпы, «Каспий» ӘКК» АҚ өңірлік кәсіпкерлер мен инвесторлардың ұсыныстары мен жобаларын жан-жақты қарастырып, бірлесіп жүзеге асыруға дайын.