Ақтауда облыстық әкімдік ғимаратының жол қиылысынан бастап 29 шағын аудандағы “НұрПлаза” қонақ үйіне дейінгі автомобиль жолына асфальт төселіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ бас маманы Жалғас Мейиловтың айтуынша, қазір жоспарлы жұмыстың 40%-ы орындалды. Ал орындалатын жұмыстың жалпы көлемі - 7 400 шаршы метр.