Өмірзақ ауылына қарасты Приозерный тұрғын массивінің тұрғындарынан Өмірзақ ауылы әкімдігіне ауыл тұрғындарына арналған қоқыс жәшіктеріне кәсіпкерлік субьектілері заңсыз қоқыс тастайтыны жөнінде шағым түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
⠀
Осыған байланысты, Приозерный тұрғын массивінің тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлік субьектілерінің қоқыс шығаруына қатысты мониторинг жүргізді.
⠀
Мониторинг барысында, бірқатар кәсіпкерлік субьектілерінің қоқыс шығарушы мекемелермен келісім-шарты жоқ екенді, ал кейбірінің келісім-шарты бар болғанымен қызмет көрсетуші мекеме тиісті деңгейде қызмет көрсетпейтіні анықталды.
Мониторинг нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілеріне, өздеріне қызмет көрсететін қоқыс шығарушы мекемелерден тиісті деңгейде қызмет көрсетілуін талап ету қажеттігі жөнінде, сонымен қатар ауыл тұрғындарына арналған қоқыс жәшіктеріне салуы заңсыз екендігі түсіндірілді.