Ақтауда деструктивті діни ағымды ұстанушылардан құралған топ тұрғындарды бопсалаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайлы mangystaumedia.kz аймақтың полиция департаментіне сілтеме бере отырып.
Олар зардап шеккен адамға 20 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтіріп, еркінен тыс 3 бөлмелі пәтерді өздеріне рәсімдеген.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі (бопсалау) бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері барлық төрт күдіктіні ұстап, оларға қатысты тінту іс-шаралары жүргізілді. Топ уақытша ұстау изоляторына қамалды, соттың санкциясымен барлығы да қамауға алынды.