Ұлытаулық егде жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Маңғыстау өңіріне дейін жаяу келді. Ақсақалды Бейнеу-Боранқұл тас жолында Маңғыстау облысы Полиция департаментіне қарасты Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қарсы алды.
72 жастағы ақсақал-саяхатшы Қазақстан бойынша сапарын сәуір айында бастаған болатын. Ол ел аймақтарын жаяу жүріп өтіп, бүгін Бейнеу ауданына жетті.
Оның айтуынша, ол бұл сапарды алты жыл бұрын жоспарлаған.
Қарағанды облысынан батыс өңірге қарай жол тартқан саяхатшының ең мәресі — Ақтау қаласы. Ақсақалды күтіп алған патрульдік полицейлер-лейтенант оның хал-жағдайын біліп, алдағы сапарына ақ жол тіледі.