Ол жүргізуші куәлігін алып беруге уәде беріп, адамдарды алдаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақтау, Жаңаөзен және Бейнеу аудандарының тұрғындары полицияға жүргізуші куәлігін алып беруге уәде берген алаяққа қатысты арызданған. Алаяқтықпен айналысқан азаматша әр жәбірленушіден 130 000 теңгеден алып, бір жыл ішінде Маңғыстау облысы бойынша 34 адамды алдағаны анықталды.
Полиция қызметкерлері алаяқтың жеке басын анықтады. Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, іс сотқа жіберілді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.