18 қыркүйекте 15 ш/а жағалауында ҚР Әскери-теңіз күштері корабльдерінің, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі корабльдерінің салтанатты сап түзеуі өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Салтанатты шара сағат 16.00-де Амфитеатр жанында Ақтау қаласы күніне және ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» концерті аясында өтеді.
Корабльдер мен катерлердің жалпы саны: 4 ракеталық-артиллериялық корабль, "Жайық" гидрографиялық кораблі, "Алатау" мина-тралдық кораблі, сондай-ақ 5 шекаралық корабль мен жағалау күзетінің катерлері.