Yessenov University 1 курс студенттеріне жастар арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты насихаттай отырып, олардың бойына парасаттылық, адалдық құндылықтарын сіңіру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолына арналған адалдық сағаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында алаш қайраткері, ақын, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, оның білім жолындағы ерен еңбегі жастарға үлгі етілді.
«Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Гүлнар Ізтұрғанова студенттер арасында жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге шақырды.
Айта кетейік, адалдық сағаты Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылды.