Отбасы күніне орай, Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай көпбалалы аналарға 5 алтын және 26 күміс алқа табыс етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі ана өмірдегі басты және жақын адамымыз екенін атап өтті.
"Құрметті аналар, Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер - нағыз үлгі боларлықтай жансыздар.
Бала тәрбиесінде ананың рөлі өте ерекше. Сіздерге денсаулық тілей отырып, еліміздің лайықты азаматы, жақсы және саналы ұрпақ тәрбиелейтіндеріңізге сенімдімін", - деп атап өтті Н. Қилыбай.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 969 Жарлығымен 5 көп балалы ана "Алтын алқа" және 26 көп балалы ана "Күміс алқа" наградаларымен марапатталды.