Ақтау қаласында 3 қыркүйектен бері ресейлік профессор-ортопед Константин Жердев 15 балаға тегін операция жасады. Ол сондай-ақ, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сағатын өткізіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Бұл «Mumkindik» менторлық жобасы аясында жүзеге асуда. Ал жобаны «Жұлдызай» қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Мақсаты - шетелдік ортопед-профессорларымен білім алмаса отырып, еліміздің бүлдіршіндеріне, ерекше балаларына тегін көмек көрсету. Константин Жердевтың ота жасап, шеберлік сағатын өткізуі 9 қыркүйекке дейін жалғасады.
«Mumkindik» менторлық жобасы 2017 жылдан бастап еліміздегі медицинаның дамуына айрықша үлес қосып жатырған жобалардың бірі.
Осылайша өңір дәрігерлері шетелге шықпай күрделі операцияларды жүзеге асыру арқылы біліктілігін арттырып жатыр.
Айта кетейік менторлық жобасының шеңберінде осы уақытқа дейін ресейлік ортопед Андрей Кольцов, Израильдік реаниматолог-неонатолог Денни Эйтан және Ирена Улановская өз тәжірибелерімен бөлісті.