Батыр ауылының тұрғыны облыс әкімдігінің телеграм каналына аталған елдімекенге қатынайтын автобустың кішкентай екенін айтып шағымданды. Желі қолданушысы әсіресе барлығы жұмыстан үйіне қайтатын уақытта адамдардың автобусқа сыймайтынын айтып, сол үшін жаңа кең автобус қажет екендігін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Тұрғынның сауалына аталған бағытта қатынайтын қоғамдық көліктерге жауапты жеке кәсіпкер Сырлыбай Айғарақов жауап берді.
-Аталған бағытта қатынайтын автобустың қазіргі таңда тұрғындар үшін тар екенін білемін. Өйткені жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерде автобустармен оқуларына барады. Сол себепті бүгіннен бастап Батыр ауылы бағытындағы маршрутқа екі дана кең көлемдегі «Daewoо» автобустарын қосылғанын хабарлаймын, - деді Сырлыбай Айғарақов.