Маңғыстаулық педагогтерді өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін көтермелеу мақсатында конкурс жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурста «Үздік әдістемені ұсынушы», «Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы», «Үздік цифрлық технологияларды қолданушы», «Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшісі», «Үздік жетістіктер шебері», «Ота білім беру ұйымдарындағы үздік полиглот мұғалім» сияқты 12 номинация беріледі.
Жеңімпаздарға «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.
Құжаттар 5-16 қыркүйек аралығында қабылданады. Құжаттарды bilimbaskarmasy@mangystau.gov.kz электронды мекен-жайына немесе облыстық білім басқармасына тапсыруға болады.