2022 жылғы 18 тамызда Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында жедел-профилактикалық іс-шара барысында киік мүйіздерінің заңсыз айналымын жүзеге асырды деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жеке үйде тінту кезінде 198 дана киіктің мүйізі тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339 - бабының 1-бөлігі - "құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз аулау, сатып алу, сақтау және өткізу" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес киіктерді заңсыз аулау, өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылға