Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша экологиялық заңнама саласындағы заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссия үшін тиісті рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіру бойынша жұмысты жүзеге асырғанын анықтады.
Маңғыстау облысының экология департаментінің атына прокурорлар прокурорлық қадағалау актісін енгізді, бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша 70 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.