Жаңаөзен қаласының аумағында апта сайын бейсенбі, жұма, сенбі күндері прокуратура қызметкерлерімен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп "Борышкер"жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Жаңаөзендік полицейлердің бастамасымен аталған іс-шара жыл басынан бері апта сайын өткізіліп келеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өткен аптада 410 әкімшілік қаулыға сәйкес 3 млн. 139 мың теңге айыппұл салынып, оның 2 млн.458 мың теңгесі өндірілді. Соңғы аптада 72 борышкерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулы жеке сот орындаушыларына жолданды, бір борышкердің автокөлігі айыппұл тұрағына қамалды.
Жаңаөзендік полицейлер борышкерлерге алдымен айыппұлды уақытылы өтеу туралы өтінішпен жүгінеді.