Өңірімізде шет елден келушілердің құқық бұзушылық жасауы жиі тіркелуіне байланысты тамыз айының 22-сі мен 28-і аралығында Маңғыстау облысы аумағында «Мигрант-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мигрант-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдармен, жұмыс берушілермен, шетелдік жұмыс күшін тартатын және пайдаланатын жұмыстарға тапсырыс берушілермен, сондай-ақ ҚР азаматтарымен, оларға тұрғын үй-жайларды ұсынатын ұйымдардың лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасының талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, құрылыс кешендері, түрлі сауда орындары және кафе мен мейрамханаларға тексеріс күшейтілетін болады.
- Өңірімізге келуші шетел азаматтарынан Республикамыздың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзбауларыңызды сұраймыз!, - делінген полиция хабарламасында.