14 тамыз күні таңертең Ақтау мен Қарақия ауданында автокөлік өртенді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сағат 07: 39-да Ақтау қаласы 32 А шағынауданындағы 8-үйдің артында автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер өртті дереу сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Сол күн екі сағаттан кейін тағы бір көліктің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жетібай ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы Ақтау –Жаңаөзен тас жолының бойында 2012 жылы шығарылған автокөлік жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. 1 техника бірлігі мен 4 қызметкер жұмылдырылды.