Mangystaumedia.kz басқарма хабарламасының толық мәтінін назарыңызға ұсынады.
«Бәрімізге белгілі, Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету тәртібі «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен реттеледі.
Қызметкерлердің жалақысын төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі және ел бойынша бірыңғай жолмен есептеледі.
Маңғыстау облысында жүргізушілердің жалақысы жұмыс істеген сағаттарға сәйкес орта есеппен 1 мөлшерлемеге 90 мың теңгені құрайды.
Бұған дейін жүргізушілердің өтініші бойынша 2020-2021 жылдары үстемақылар қосылған болатын.
01.03.2022 жылдан бастап, 10 ай мерзімге ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қосымша үстемеақылар төлеу туралы шешім қабылданды – 40 мың теңге., орташа есеппен алғанда Бақылау кеңесінің шешімі бойынша жалақының үстінен 90 мың теңге үстемақы төленіп отырған.
Бүгінгі күні наурыз, сәуір, мамыр, маусым және шілде айлары үшін жалақыға үстемақы, сондай-ақ 22 наурыз және медицина қызметкерлері күніне сыйақылар төленді.
Бұл шара ағымдағы жылдың маусым айында уақытша болғандықтан, жергілікті атқарушы органдар есебінен жалақы төлеу тетігінің болмауына байланысты, тамыз айынан бастап 40 мың теңге мөлшерінде үстемақы төлеу бойынша бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданды. 30.06.2022 жылы "Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК барлық қызметкерлеріне тиісті хабарламалар берілді.
Табысы көрсетілген қызметтер есебінен ғана қалыптасатын медициналық ұйымдардың нақты мүмкіндіктеріне сүйену керек. Себебі, бүгінгі таңда ұйымның дәрігер қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы – 275 809 теңгені, орта мед. қызметкерлер орташа айлық жалақысы - 222 008 теңгені құрайды.
Біз жүргізушілерден жоғарыда аталған жағдайларға түсіністікпен қарауын сұраймыз, жедел жәрдем жұмысын тоқтатып, осылайша шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды тағдыр озбырлығына қалдыруға болмайды.
Қазіргі уақытта біз осы мәселенің оңтайлы шешімін табу үшін барлық уәкілетті органдармен кеңестер өткізудеміз.
Ультиматтық талаптарға жол беру - Сіздің жұмысыңыз адам өміріне тікелей байланысты болғандықтан, ешқандай жақсылыққа алып келмейтіндігі белгілі. Жиналған мәселелерді қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен сындарлы диалог жолымен шешу қажет». Құрметпен, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.