Ақтауда қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Биыл еліміз жазушының туғанына 177 жыл толуын атап өтті.
Салтанатты шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов, Маңғыстау облысының мәдениет, архихов және құжаттама басқармасының басшысы Пания Сармурзина, қалалық мәслихат хатшысы Сембіғали Зәкенов, Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжол Қартбай, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Есеберген Іңірбайұлы және Қоғамдық кеңестің мүшесі
Аллаберген Қонарбаев қатысты.
Қала әкімінің орынбасары бүгінгі шараның маңыздылығын ерекше атап өтті.
- Абай-біздің ұлы мұрамыз, республика деңгейінде ғана емес, әлемдік ауқымдағы рухани реформатор. Абай Құнанбайұлының еңбектері бүкіл түркі әдебиетінің қазынасы болып табылады, - деді Әбілқайыр Байпақов.
Еске сала кетейік, облыс орталығындағы жалғыз мәдени-сауық кешені негізі қаланған күннен бастап қазақтың ұлы ақынының есімімен аталады. Екі жылдан кейін кешен қызметкерлері 50 жылдығын атап өтпекші.
Бүгін, Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына орай жағалауда мерекелік концерт өтеді.