Жылдың алғашқы 7 айында елімізде 1168 пойыз жедел тежеу қолданған. Соның 55 фактісі адамның пойыз астында қалуына байланысты. Осы апаттан 39 адам қаза болып, 16 адам ауыр дене жарақатын алған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Көліктегі полиция департаментінің Маңғыстау станциясындағы желілік бөліміне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, көліктегі полицейлер Маңғыстау станциясындағы темір жол бойында қараусыз мал көбейіп, пойыздар күніне кем дегенде екі малмен соқтығысып жатқанын айтады.
Шойын жолдағы осындай авариялық жағдайдың алдын алу үшін Маңғыстау станциясындағы темір жол вокзалында және перронда желілік полиция бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірге жолаушылар мен қала қонақтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар темір жолдағы қауіпсіздік жөнінде тыйым салу белгілері бар буклеттер таратты.
- Желілік полиция бөлімінің мамандары Маңғыстау станциясы ӘТЖК және ҚТЖ ҰК Магистралды дистанцисының өкілдерімен бірлесіп теміржол бойындағы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін рейдтік іс-шара жүргізді. Нәтижесінде теміржолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп, қозғалысқа қауіп төндірген 5 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5 бөлігіне сай хаттама толтырылды, - деді Көліктегі полиция департаментінің Маңғыстау станциясындағы желілік полиця бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы полиция майоры Нұр Қуанов.
Айта кетейік, Көліктегі полиция қызметкерлері жыл басынан бері 5 рет «Тоқтаңыз, басып кету қауіпі бар!» атты профилактикалық акция өткізген.