Желіде Жаңаөзендегі жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлерінің ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Үкімет басшысы Алихан Смайыловқа, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа, ҚР ДС министрі Ажар Ғинаятқа жолдаған бейнеүндеуі жария етілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Біз Маңғыстау облысының жедел жәрдем қызметкерлері еңбек дауының тууына байланысты еңбекақымызды, еңбек және әлеуметтік жағдайымызды жақсарту мақсатында Еңбек Кодексінің нормаларын негізге ала отыра барлық кезеңдерден өттік. Осы еңбек дауына байланысты көптеген жиындар өтті. Бірақ еш нәтиже болмады. Қазіргі қымбатышылық бүйірден қысып тұрғанда еңбекақымызды орташа жалақы есебінде 350 мың теңгеге көтеруін сұраймыз. Осы талап орындалмаса, 15 тамыз күні жұмысты тоқтатуға мәжбүрміз",-делінген бейнеүндеуде.