2 тамыз күні сағат 22:15-те 4-шағын аудандағы N1 үйдің алдында экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 25 жастағы жас жігіттен манеж гранатасын тәркіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі (Атыс қаруын заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа)) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
- Тиісті сараптама тағайындалды, заттың жарылғыштығы тексеріледі. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ұсталған адамға 5000 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бес жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.