"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен, "Хан-Шахар" салтанат залында кәсіпкерлермен және кәсіп ашқысы келетін тұрғындармен кездесу өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараны Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Рашит Мұстапаев ашып берді. Оған Нұрсұлтан қаласынан шақырылған "KazakhExport "экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық өкілі — Алпысбай Бекайдар және "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы " АҚ Басқарушы директоры Сағынаев Айбек қатысты. Сонымен қатар, "Kazakh Invest" ҰК " АҚ Аймақтық директоры — Тумышев Айдын, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры "АҚ Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалының басшысы Искаков Бақытжан мемлекеттен қалай қолдау алу жөнінде кеңес берді.
Ашық сұқбат үстінде көрермендер әртүрлі сұрақтарына жауап алды. Спикерлер біраз түсіндіруді, талқылауды қажет ететін сауалдарға шара аяқталғаннан кейін жеке жауап беруге шақырды.