Ақтаудағы Рауан тұрғын алабында автокөлік жолын салу жұмыстары қайта жанданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңаратын жолдың ұзындығы 12 588 метр. Құрылысты «Altynzhol» ЖШС жүргізіп жатыр.
Жол салу үшін 2019 жылы шарт жасалған сәттен бастап дайындық жұмыстары басталған. Алайда, сумен жабдықтау жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған болатын.
2021 жылдың соңында сумен жабдықтау жұмыстарының құрылысы толық аяқталып, қазіргі уақытта автомобиль жолдарын салу жұмыстары қайта жанданды.
Жол салу жұмысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.