Ақтауда 1 шілдедеден бастап №2, №3 және №5 автобустардың жүру уақыты кешкі 22:00-ге дейін ұзарады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Бүгінде Ақтау қаласы бойынша таңғы сағат 06:40-тан кешкі 20:00-ге дейін №2, №3, №4, №4м, №5, №7 қоғамдық көліктері тұрақты қызмет көрсетеді.
Аталған маршруттардың интервалы кешкі сағат 20:00-ге қалыпты уақыт аралығында яғни, №2 маршрут үшін 12-14 минут, №3 маршрут 6-8 минут, №5 маршрут 14-16 минут аралығында қатынай береді.
Ал сағат кешкі 20:00 мен 22:00 аралығында жолаушылардың азаюын ескеріп, автобус аралығындағы интервалдар №2 маршрут үшін 18-20 минут, №3 маршрут 12-14 минут, №5 маршрут 20 минут болады.