Ақтау жағажайларында 30 млн теңгеге үш қоғамдық дәретхананың құрылысы басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Дәретханалар халық көп жүретін жерде, яғни 7 а -14 а шағынаудан аралығындағы жағажай, “Солдат” жағажайы, жылы жағажайда салынып жатыр.Құрылысқа "Қала жолдары" ЖШС мердігерлік ұйымы жауапты.
Айта кетейік, қоғамдық дәретханалар ақылы болады. Бұл өз кезегінде әжетхананың санитарлық тазалығын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ Ақтау қаласында қоғамдық дәретхананы көбейту мақсатында тағы сметалық құжаттама әзірленіп, ақшалай қаражат сұралмақ.