Ақтау қаласының әкімі құрылыс салушылармен кездесуде мәлім еткендей, бүгінде қалада жылу тапшылығы тәулігіне 250 гигакалорияны құрайды, қазір 130 жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысандардың барлығы энергия өндіруші кәсіпорынның қолданыстағы қуаттарына үлкен салмақ түсіреді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
МАЭК-тегі кезең-кезеңімен басталған жаңғырту жұмысы және 80% тозығы жеткен инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарына қарамастан, қаланың жаңа шағын аудандарға инфрақұрылымды тартуға мүмкіндігі жоқ.
– “2026 жылға дейін жаңа үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Қазірдің өзінде жаңа үйлерде жылу тапшылығы мәселесі бар. 14-16 қабатты 400 пәтерлі үйде қуатты сорғылар орнатылуда. Қаланың барлық гидравликалық жүйесі бұзылған. Қазір 29 а ықшамауданы – Индустриалды аймаққа көштік. 29 а ықшамауданында инженерлік желілерді жүргіземін деп уәде бермеймін. Ондай мүмкіндік жоқ», - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.
Әкім құрылыс салушылар мақұлданған құрылыс нысандарын рұқсатсыз өзгерту мәселесін де көтерді.
Соның салдарынан 16 және 19 ықшамаудандарда әлеуметтік нысандарды салуға мүмкіндік жоқ.
16 және 19 Ақтауда жаңа үйлер 2026 жылға дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмейді.