12 мен 14-шағынаудан арасында ерекше жүргіншілер жолағы ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Соңғы кезде жол-көлік оқиғасының көп тіркелуіне байланысты, қаладағы еріктілер осындай жоба ұсынған. Соның нәтижесінде, бүгін жеке адамдардың қаржылай көмегімен және қала әкімдігінің тікелей қолдауымен бұл жоба іске асты.
Бұл жүргіншілер жолағында адамдар қарлы, жаңбырлы, тұманды күндерде де анағұрлым анық көрінеді. Жоба құны — 5 млн. 200 мың теңге.