Биыл 5 маусымда өтетін республикалық референдумға қатысу үшін, сайлаушылар тізімінде деректеріңіздің болуы міндетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қай сайлау учаскесінде тіркелгеніңізді және ол учаскенің нөмірі мен орналасқан жерін https://man.saylaw.kz/ сайтынан, https://t.me/man_saylaw_kz/ телеграм-арнасынан білуіңізге болады. Ол үшін сізге көрсетілген жолға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізу қажет.
Жоғарыда аталған платформалардан өз деректеріңізді таба алмасыңыз, тұрғылықты жеріңіздегі әкімдіктің байланыс орталығына хабарласу қажет. Байланыс орталықтары:
Ақтау қаласы 8-7292-336514;
Жаңаөзен қаласы 8-72934-48614;
Бейнеу ауданы 8-72932-21128;
Қарақия ауданы 8-72937-22191;
Маңғыстау ауданы 8-72931-21286, 8-72931-22221;
Мұнайлы ауданы 8-7292-466234;
Түпқараған ауданы 8-72938-22290.