Мұнайлы ауданында жаңбырдың көп түсуіне байланысты 18 көше мен 32 үйдің ауласын су басты. 6 үй толық суға кетті,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жауын-шашын салдарын жоюға Мұнайлы ауданы әкімдігінен 6 мотопоппа, 8 ассенизатор, 13 техника жұмылдырылды. Ал өрт сөндіру бөлімдерінен 6 мотопоппа мен 5 техника жұмыс істеп жатыр.
Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев су басқан ауылдарға барып, жасалып жатқан жұмыстарды көрді.
Нөсер салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жергілікті атқарушы биліктің жіті бақылауында.